Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 10 қарашадағы бұйрығымен жол қозғалысы ережелеріне, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидасына және басқа да бірнеше қағидаларға өзгерістер енгізілді. Толығырақ ақпарата.

Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерінде елді мекендерде қозғалысқа келесі деңгейде рұқсат етілетіні нақтыланады:

  • тиісті жол белгілерімен белгіленген, бірақ сағатына 90 километрден аспайтын арнайы жүру режимдерін қоспағанда, сағатына 60 километрден аспайтын жылдамдықтағы көлік құралдарына;
  • жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын автобустарына, жүк көліктеріне;
  • тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында сағатына 20 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру рұқсат етіледі.

Тоқтауға тыйым салынады:

  • М2 және М3 санатты көлік құралдарын қоспағанда, қапталдағы өтпенің қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе бөлу жолағы бар үшжақты қиысу (қиылыс) жағын қоспағанда, жолдардың жүру бөліктерінің қиылысында және жолдың қиылысатын жүру бөлігінің шетіне отыз метрден жақын жерде;
  • аялдама алаңдарында және оларға он бес метрден жақын жерде, ал олар болмаған кезде маршруттық көлік құралдары немесе такси аялдамасының нұсқағышынан он бес метрден жақын жерде;

Бағдаршамдардың рұқсат ететін сигналдары бойынша солға немесе артқа бұрылған кезде рельссіз көлік құралының жүргізушісі қарсы бағыттан тіке немесе оңға жүретін, оның ішінде жол қиылысына шығатын көлік құралдарына жол береді. Трамвайлардың жүргізушілері де осындай ережені өзара басшылыққа алады.

Қиылыстарда солға бұрылу кезінде қарсы бағыттағы көлік құралдарының жүрісі осындай маневр жасауға мүмкіндік бермейтін ерекше геометриялық параметрлері бар қиылыстардың өту жағдайларын қоспағанда, көлік құралдарының оң жақтарымен (бүйірімен) жүзеге асырылады.

Жұмыстарды орындау кезінде көлік құралдарында қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маяк қосылады:

  • бұзылған және өзге де көлік құралдарын тиеу және тасымалдау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде көлік құралдарында;
  • ауыр салмақты, ірі габаритті және қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асырған кезде көлік құралдарында;
  • ауыр салмақты, ірі габаритті және қауіпті жүктерді тасымалдауда бірге жүретін көлік құралдарында;
  • ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустарда;
  • күзетілетін объектілерге рұқсатсыз кірген кезде жеке меншік ұйымдары жедел ден қоятын ұтқыр топтарының көлік құралдарында;
  • жолдарда қызмет өткеру кезінде көліктік бақылау органдары жылжымалы көліктік-бақылау пункттерінің көлік құралдарында;
  • бағалы заттарды инкассациялау үшін маршрутқа шыққан кезде инкассация қызметтерінің мамандандырылған көлік құралдарында;
  • ұйымдасқан велосипедшілер топтарымен бірге жүретін көлік құралдарында;
  • өсімдіктер және жануарлар дүниесін қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі қызметті атқаратын көлік құралдарында.

Сонымен қатар, ережелер жеткіліксіз көріну жағдайында көлік колоннасында қозғалысты көздейтін жаңа тараумен толықтырылды.

Көлік құралдары жедел көлік құралдарымен ілесіп жүретін жағдайларды қоспағанда, лектегі қозғалыс жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетіне мүмкіндігінше жақын бір қатарда ғана қозғалуы тиіс.

Лекте оннан астам көлік құралдары қозғалған кезде, оларды көк түсті жарқылдауық маяк немесе көк және қызыл түсті жарқылдауық маяктары қосылған екіден аз емес көлік құралдары ілесіп жүреді (жетекші және соңындағы).

Лектің қозғалыс жылдамдығы мен көлік құралдарының арасындағы қашықтық осы Қағидалардың талаптарына сәйкес лектің аға қызметкерімен немесе бастапқы көліктің қозғалыс режимімен белгіленеді. Жедел көлік құралдарымен ілесіп жүрмейтін кезде лек топтарға бөлінеді (әр топта бес көлік құралынан көп емес), арақашықтықтары топты басқа көлік құралдары басып озатындай мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек.

Лек жолда тоқтағанда барлық көлік құралдарында авариялық сигнал қосылады.

Лек қатысушысы жетекші мен соңындағының талаптарын орындайды. Лек қатысушысы қауіпсіз арақашықтықты сақтайды.

Мәжбүрлі аялдауды қоспағанда, жүру схемасын бұзуға, соның ішінде басқа қатысушыларды басып озуға, сондай-ақ лектен шығуға және өз бетінше тоқтауға рұқсат етілмейді.

Қозғалыс бастамас бұрын лек қатысушылары қозғалтқыштарын және жақын жарық фараларын немесе күндізгі жүру шамдарын қосулары тиіс. Дайын болмағанда, лек қатысушысы лектің соңындағыға хабардар етеді. Лек соңындағы лек шығуы тиіс жолақты жауып, лек қозғалысының басталуына ештеңе кедергі келтірмейтініне көз жеткізуі тиіс, содан кейін жетекшіге қозғалысты бастауға рұқсат беруі керек.

Соңындағыдан рұқсат алғаннан кейін лек жетекшісі дыбыстық сигнал беріп, қозғалысты бастайды. Қалған лекке қатысушылар жетекшінің артынан қозғалысты бастайды. Соңғысы лектің ақырғы мүшесі шыққаннан кейін ғана лекке қосылады.

Аялдау мақсатында жетекші тежеу сигналын береді және оңға бұрылу сигналын қосады. Жетекші жылдамдықты төмендетіп, жол жиегіне түсіп, жолға параллель тоқтайды.

Лек қатысушылары жетекшінің артынан жол жиегіне шығып, қашықтықты және құрылыс схемасын сақтай отырып, тоқтайды.

Автотұраққа кіру кезінде лектегі қатысушы кіреберісте тоқтап, алдында келе жатқан көлік құралы тұраққа маневрін аяқтағаннан кейін ғана қозғалысын қайта жалғастырады.

Авариялық тоқтау қажет болған жағдайда лек қатысушы бұл туралы жетекшіге дауыстап, ыммен, байланыс құралдары арқылы хабарлайды және (немесе) фараның алыс жарығымен және дыбыс сигналымен қосымша сигнал береді, содан кейін көлік құралының жылдамдығын біртіндеп азайтып, толық тоқтайды.

Жол қиылыстарынан, теміржол өткелдері мен бағдаршамдардан тараптарын сақтай отырып, қажетті сигналдарды қолданып жүріп өтуі керек. Лек үзілгенде жағдайда соңындағы жетекшіге дауыстап, ыммен немесе байланыс құралдары арқылы дереу ескертеді. Жетекші ақпарат алғаннан кейін тоқтау немесе жылдамдықты өзгертіп не өзгертпей қозғалысты жалғастыру туралы шешім қабылдайды және бұл туралы соңғыға хабардар етеді. Соңғысы лекті қалпына келтірілген кезде бұл туралы жетекшіге хабардар етеді.

Лек қатысушылары лектің қалыпты қозғалысына кедергі келтіретін мән-жайлар туралы жетекшіге және (немесе) соңындағыға уақтылы хабарлауға тиіс.

Құжаттың толық нұсқасын сілтемеге өту арқылы оқи аласыз.

Бұйрық 2025 жылғы 28 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.