Үндістанның Дели қаласында бокстан Әлем Кубогының финалдық кезеңі аясында ширек финалдық жекпе-жек өтеді. Онда қазақстандық спортшылар да бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалға жолдама алу үшін 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан боксшысы Нұрбек Мұрсал мен Қырғызстан өкілі Ихтияр Нишонов алаңға шықты.

Екі спортшы да барын салып күресті. Дегенмен, тартысқа толы болған додада отандасымыз басымдық таныта білді. Осылайша, төрешілер үш раундтың қорытындысы бойынша жеңісті Қазақстан өкіліне берді.

Енді ол ширек финалда өнер көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Бұған дейін Талғат Жайлауовтың хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалғанын жазғанбыз.