Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова тағы да марапатқа ие болды. Республика күні қарсаңында ол "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алған еді. Енді танымал продюсерге Muzzone музыкалық арнасы өз марапатын табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған орай оған арнайы номинация бойынша статуэтка тапсырылды.
"Muzzone телеарнасынан марапат алдым. Айтпақшы, оларды 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Маған "20 жылдықтың продюсері" номинациясын берді, елестетесіздер ме?" – дейді Алагөзова өз жазылушыларына.
Сондай-ақ ол өзінің барлық марапаттары мен музыкалық жобалардағы жетістіктері жинақталған құрмет тақтасын көрсетті. Бұл оның қазақстандық музыкалық индустрияның дамуына қосқан ерекше үлесін дәлелдейді.
Бұған дейін әлемдік балет жұлдыздары Қазақстанда өнер көрсететіндігін жазғанбыз.