Түркістан облысындағы өрт болған үйге аймақтық балалар құқығы жөніндегі уәкіл аттанды, деп хабарлайды балалар омбудсмені Динара Зәкиеваға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram парақшасында үйде екі отбасы болғаны туралы жазды.

"Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында тоғыз бала өрттен қаза тапты.

Үйде екі отбасы – ата-аналары мен балалары болған, өрт шығып, шатыр құлаған.

Аймақтық уәкіл Психологиялық қолдау орталығымен бірге оқиға орнына аттанды.

Өрттің шығу себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Туыстарына көңіл айтамыз" — деді Динара Зәкиева.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз