Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Ғарышқа ең жақын нүкте

Ғарышқа ең жақын нүкте

Әлемдегі ең биік тау Гималайда болса да, ғарышқа ең жақын нүкте Эквадордағы Чимборасо шыңы.

Жер экватор тұсында дөңес болып келеді. Сол себепті 6 263 метр Чимборасо биіктігі географиялық тұрғыдан Жердің ортасынан ең алыс, ғарышқа ең жақын орналасқан. Осы шыңға көтерілген адам өзін басқа әлемге өткендей сезінеді екен. Тауға шыққан туристер: «Айнала қалың ақ тұман. Атмосфераның келесі қабатына өткендей боласың» деп сипаттайды. Эквадордың ұлттық рәмізіне айналған Чимборасо география мен табиғаттың таңғаларлық бір ғажайыбы.