Алматыда Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшесінің қиылысында қозғалыс сызбасы пилоттық режимде өзгертілді.
Қаланың Көлік қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар транспорты басқармасы әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, бағдаршам нысанының жұмысын қайта реттеді.
Пилоттық жоба аясында жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға және көлік құралдарының өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін қосымша фаза енгізілді.
Өзгеріс қаланың жүктемесі жоғары қиылыстарының бірінде қозғалысты оңтайландыру және жол апатын азайту мақсатында жүзеге асырылды.
Басқарма барлық жол қозғалысына қатысушысын Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жүргіншілер мен жүргізушілерге арналған бағдаршам белгілеріне назар аударуға шақырады.