Үндістанның Дели қаласында бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта қазақ боксшысы Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға өтті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
1/4 финалда отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Минсен Кимнен басым түсті.
Осылайша, Бегалиев кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.
Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-та Гран-при кезеңі басталғаны, ерлер арасындағы қысқа бағдарламада үшінші орынға тұрақтаған жерлесіміз Михаил Шайдоров еркін бағдарламада үздік екінші нәтижені көрсеткені хабарланған.