Құрамамыз жалпыкомандалық есепте үздік үштікте.
Муай-тайдан Тұрар Дүйсехан 60 келіге дейінгі салмақта финалда Ирак спортшысы Аяд Альбадрды жеңіп, чемпион атанды. Бірінші раундта қарсыласына жол бергенімен, кейін камбэк жасап, тартысты жекпе-жекті 29:28 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Айта кетейік, 24 жастағы Аяд Альбадр кәсіби муай-тайда өнер көрсетеді. Ол Азиядағы ең ірі ONE промоушенінде бес жекпе-жек өткізіп, алғашқы екеуінде жеңіліс тапқандарымен, кейін қатарынан үш жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегін 17 қазанда өткізген. Дегенмен Тұрар азулы қарсыласын еш қиындықсыз тізе бүктіріп, алтын медальға қол жеткізді.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 36 медаль — 11 алтын, 12 күміс, 13 қола бар. Ел құрамасы жалпыкомандалық есепте әзірге үшінші орында келеді.
Ойындар 21 қарашаға дейін жалғасады. Жарысқа 57 елден 3000-нан астам спортшы қатысуда және 20 спорт түрі бойынша 270 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр.