Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы “ҚазАвтоЖолдың” баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

14 қараша сағат 19:30-да күн райының бұзылуына орай төмендегі жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды:

  • “Атырау-Орал” автожолының 372-492-шақырым аралығындағы учаскесінде ( Чапай ауылынан Орал қаласына дейін) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына;
  • “Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы (Сырым ө/п)” автожолының 195-246-шақырым аралығындағы учаскесінде ( РФ шекарасы Сырым ө/п — Орал қ. МАИ бекеті) қоғамдық және жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолдарды 15 қараша сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланып отыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз