БҚО-да құс шаруашылығы өнімдерін әкелу кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың бұзылуы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сырым" ветеринариялық бақылау бекетінде Самара облысынан (РФ) Қызылорда облысына бағыт алған жүк көлігі тоқтатылып, тексеруден өткізілді. Тексеру барысында көлікте 20 тонна құс еті тасымалданғаны анықталды.

"Құжаттамалық тексеру нәтижесінде өнім өндіруші кәсіпорын Еуразиялық экономикалық одақтың жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттауға рұқсат етілген өндірушілер тізіміне енгізілмегені белгілі болды. Анықталған құқықбұзушылыққа байланысты жүк көлігі шығу еліне кері қайтарылды, ал жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар тасымалдаушыға 2010 жылғы 18 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссияның № 317 шешіміне сәйкес ветеринариялық-санитариялық талаптар түсіндірілді.

Осы басынан бері Батыс Қазақстан облысы аумағында ветеринариялық заңнама талаптарының 204 бұзушылығы анықталды. Нәтижесінде 204 жүк көлігі кері қайтарылып, 130 әкімшілік хаттама толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы — 11 009 600 теңге.