Қазақстан құрамасы шорт-тректен Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде бірінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандастарымыз аралас командалық эстафетада жеңіске жетті.
Оңтүстік Корея екінші орынға ие болса, ал үздік үштікті Қытай құрамасы түйіндеді.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының екінші кезеңі Астанада 13-15 қараша аралығында "Алау" мұз сарайында өтіп жатыр.