Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр.

Жиынға 2 мыңнан астам адам жиналды, олардың ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, салалық қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, инвесторлар, ардагерлер және аграрлық сала мамандықтарында оқитын студенттер бар.

Форум барысында ауыл шаруашылығы саласының дамуы, инвестициялар тарту және инновациялық жобаларды енгізу мәселелері қарастырылмақ.