Қарағандыда полиция бөлімшесінде болған оқиғадан кейін учаскелік полиция инспекторы жұмыстан босатылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Адам денесінің табылуына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Ауруханадан шыққан бұрынғы учаскелік полиция инспекторы жағымсыз себептермен қызметінен босатылды.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды", — деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті өкілдері.

Еске сала кетейік, биыл 1 қазанда Қарағандыда полицияның тірек пунктінен әйелдің денесі мен ес-түссіз жатқан учаскелік полицей табылғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ Қарағанды полиция пунктінде болған оқиғадан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, тәртіптік комитеттің отырысы өткенін жазғанбыз. Оның қорытындысы бойынша полиция бөлімінің бастығы мен оның орынбасары қызметтерінен босатылды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз