Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында жақында ғана пайдалануға берілген Хунци көпірі жартылай опырылып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол елдің орталық аймақтарын Тибет автономиялық ауданымен байланыстыратын стратегиялық маңызды ұлттық автожолдың бойында орналасқан.

Newsweek дерегінше, жергілікті билік оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін растады.

Марканг қаласының билігі қауіпсіздік шараларын алдын ала қабылдап, көпірге апаратын 758 метрлік жолды бір күн бұрын толық жауып тастаған. Бұған жол жамылғысында және іргелес тау бөктерлерінде жарықтардың пайда болуы мен топырақтың сырғуы себеп болған.

Әкімдік мәлімдемесіне сәйкес, 11 қараша, сейсенбі күні жағдай күрт нашарлаған: көшкін белсенділігінің күшеюі сел жүруіне әкеліп, нәтижесінде көпірге кіреберіс эстакада мен жол бөлігі қираған.

Нысанның құрылысы биыл Sichuan Road & Bridge Group компаниясымен аяқталған. Компания әлеуметтік желіде көпірдің салтанатты ашылу сәтінен бейнежазба жариялаған болатын.

Бұған дейін Алакөлде инфрақұрылымды ауқымды жаңарту жұмыстары басталатыны хабарланған еді.