Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастық ойындарында Софья Сподаренко 100 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты.
Ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті.
Түркия өкілі Дефне Таниг екінші орынға ие болды — 1:02.05. Ал оның отандасы Сехер Кая үздік үштікті түйіндеді — 1:02.42.
Айта кетсек, Қазақстан қоржынына ауыр атлеттер 11 медаль салған болатын. Оның үшеуі — алтын, төртеуі — күміс және тағы төртеуі қола медаль.