Қазақстанда тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін бірден екі тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылы 12 қарашада Отбасы банктың баспасөз қызметі хабарлады:
"Отбасы банк 2025 жылдың 17 қарашасынан бастап тұрғын үй төлемдерін алушылардан несие өтінімдерін қабылдауды бастайды. Бұлар – Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ, ТЖМ, Мемлекеттік күзет қызметі, әскери прокуратура және басқа да мекемелердің қызметкерлері мен әскери қызметшілер".
Банк бөлімшелеріне өз бетіңізше барудың қажеті жоқ екені нақтыланады. Өйткені несие беру ведомстволар (министрліктер мен қызметтер) жасайтын тізімдер бойынша жүргізіледі.
"Банк мекмелерге арнайы хаттар жіберді. Тізімдер дайын болғаннан кейін ғана тұрғын үй төлемін алушылар банкке барады. Онда менеджер қызметкердің аты-жөні тізімде бар-жоғын тексеріп, содан кейін несие өтінімін қабылдайды", — дейді Отбасы банк өкілдері.
"Наурыз Әскери"
Жаңа тұрғын үй сатып алғысы келгендер "Наурыз Әскери" атты жаңа бағдарламаға қатыса алады. Бұл бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі – 9% (ЖТСМ 9,47% ден 10,4%).
Тіпті бастапқы жарнасыз да қатысуға болады.
- Егер бастапқы жарна 0%-дан 20%-ға дейін болса, онда несие сомасының ең жоғары мөлшері Алматы мен Астана қалалары үшін – 36 миллион теңге, ал басқа өңірлер үшін – 30 миллион теңге болады.
- Егер бастапқы жарна 20%-дан 50%-ға дейін болса, банк ең жоғары несие сомасын 80 миллион теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Тұрғын үйді тек жаға үйден алуға болады.
"Наурыз Әскери" – бұл "Наурыз" бағдарламасының тағы бір бағыты. Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті қаражат әлеуметтік облигациялар шығару арқылы, яғни нарықтық жағдайларда тартылады. Сондықтан бағдарлама қатысушылары үшін несие мөлшерлемесін мемлекет субсидиялайды. Бұл шара азаматтарға несиені қолжетімді пайызбен алуға мүмкіндік береді.
"Наурыз Әскери" бағыты бойынша жаңа тұрғын үйді Baspana Market (otbasybank.kz) порталында таңдап, брондап және сатып алуға болады.
"Әскери баспана"
Егер тұрғын үй төлемін алушылар дайын (екіншілік) тұрғын үй сатып алғысы келсе, олар "Әскери баспана" бағдарламасын пайдалана алады. Бұл бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі – 18% (ЖТСМ 23,6% ден 24,3%).
Бастапқы жарна 20%-дан 50%-ға дейін болуы керек. Қатысушы ең көбі 50 миллион теңгеге дейін несие ала алады.
Бағдарламаға қатысушы өзіне ұнаған тұрғын үйді өзі таңдайды.
Айта кетсек, сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеме өскеннен кейін несие бойынша шарттар қалай өзгеруі мүмкіндігіне қатысты пікір білдірген.