Ресейге мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жылы қоштасты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі аталған сәттің суретін жариялады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапары аяқталды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ президенті Владимир Путин Қазақстан өнерпаздарының гала-концертіне барған болатын.
Айта кетсек, 2025 жылы 12 қарашада, Мәскеуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөздері басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қысқа құрамда келіссөз жүргізді.
Тоқаев пен Путин екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгені белгілі.
Тоқаев пен Путин Оралдағы өңіраралық форумның пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы шықты.
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандық иелері екі елдің экономикалық өрлеуіне орасан зор үлес қосатынына назар аударды. Президент атом саласындағы кадр әлеуетін күшейту Қазақстан үшін аса маңызды сипатқа ие екенін айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың 20 жылдығы – маңызды меже екенін баса атап өтті. Президент тараптар стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растағанын жеткізді.
Тоқаев пен Путин келіссөздерінің негізгі тұстары айқындалды.
Тоқаев пен Путин келіссөздері қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар тізімі жарияланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейді Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі деп атаған болатын. Сондай-ақ президенттің айтуынша, "Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі".