Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

94 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нұрғиса жұлқа көтеруде бірінші орынға ие болды.

Ол бұл сайыста әлем рекордшысы (182 келі) әрі биыл өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері ирандық Алиреза Моейнимен алтын үшін таласты.

Нұрғиса үздік мүмкіндігінде 175 келіні көтеріп, топ жарды. Ал Моейни 171 келімен екінші орын алды. Түркиялық Хакан Курназ (165 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Нұрғиса Әділетұлы бұдан бөлек серпе көтеру мен қоссайыстың жалпы есебінде де жүлде үшін сынға түседі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз