Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Ақбаров ҚР энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлан Ақбаров 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық техникалық университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қарағанды техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Жаңаөзен қаласындағы "ӨзенМұнайГаз" АҚ-да оператор болып бастады.
2002–2005 жылдары – Тараз қаласы, "Қазбұргаз" АҚ-да инженер-геолог болып жұмыс істеді.
2005–2012 жылдары – Тараз қаласы, "ҚазТрансГаз" АҚ "Амангелді Газ" ЖШС бөлім бастығы, бас директордың орынбасары, бас директоры.
2012–2013 жылдары – Алматы қаласы "Caspian Contractors Trust" ЖШС бас директорының орынбасары.
2013–2018 жылдары – Қарағанды қаласы "Caspian Contractors Trust" ЖШС бас директоры.
2018–2020 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ҚР Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті басшысының орынбасары, басшысы.
2020–2021 жылдары — "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2021–2022 жылдары – "Қазкенгео" ЖШС директорының орынбасары.
2022–2023 жылдары – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы.
2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетінің төрағасы қызметін атқарды, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі болып қайта ұйымдастырылғаннан кейін.
Еске салайық, бұған дейін Құдайберген Арымбек энергетика вице-министрі қызметінен кеткенін хабарлағанбыз.