10 қарашада YouTube-тегі Gaumont арнасында "Кремль сиқыршысы" ("The Kremlin Wizard") фильмінің алғашқы трейлері жарық көрді. Онда басты рөлді — Ресей президентінің бейнесін әйгілі актёр Джуд Лоу сомдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фильмнің режиссёрі – француз кинематографы Оливье Ассаяс. Картинада 1990-жылдардағы Ресей кезеңі суреттеледі. Оқиға желісінде ел басшысының қасында жүретін ойдан шығарылған саяси технолог – Вадим Баранов бар. Ол болашақ президенттің кеңесшісіне айналады. Бұл рөлді Пол Дано орындаған. Сонымен қатар, фильмде Алисия Викандер мен Том Стерридж те бой көрсетеді.

Фильмнің тұсаукесері 2025 жылдың 31 тамызында 82-Венеция халықаралық кинофестивалінің негізгі байқау бағдарламасында өтті. Әлемдік прокатқа шығу күні – 2026 жылдың 21 қаңтары.

Бұған дейін Disney студиясы ойыншықтары жоқ балаларға арналған Рождестволық қысқаметражды фильм түсіргенін жазғанбыз.