Талғар ауданы сотында Хасан Қасымбаевқа үкім шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 12 жылға сотталды.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған: адам ұрлау, қасақана ауыр жарақат салу және бопсалау. Онымен бірге тағы бес адам айыпталушылар қатарында. Істе екі жәбірленуші бар, олар — ММА файтері әрі жаттықтырушы Арман Әлімов және кәсіпкер Әріпжан Тәжиев.
Хасан Қасымбаев 2024 жылы 2 қарашада ұсталған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!