Қазақстандық зілтемірші Едіге Емберді IV Ислам ынтымақтастығы ойындарында жұлқа көтеруден үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде. Ол жұлқа көтеруде үшінші орынға ие болды. Едіге ең үздік мүмкіндігінде 152 келіні еңсерді. Осылайша қола медаль жеңіп алды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Мысыр спортшысы Абдельрахман Эльсайед жеңімпаз атанды — 166 келі, ал әзірбайжандық Равин Алмаммадов екінші орынды иеленді — 155 келі.
Айта кетейік, серпе көтеру мен қоссайыстың қорытындысы бойынша да жеңімпаздар анықталады.
Бұған дейін Қазақстан жүзуден Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші рет алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.