Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында полицейлер Семейдегі көңіл көтеретін орындарының жұмысына кешенді рейтингтік талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде қоғамдық тәртіпке ықпал ететін объектілердің жаңартылған рейтингі әзірленді.

Құқық бұзушылықтарға жол берген немесе келушілер арасында тәртіп бұзу деңгейі жоғары нысандар "жоғары тәуекелді" санатқа енгізілді.

Бұл объектілер бойынша профилактикалық шаралар күшейтіледі және заңнама шеңберінде тиісті шаралар қабылданады.

Жыл басынан бері Семейде көңіл көтеретін орындардан полицияға 1200-ден астам шақыру келіп түскен. Бұл қауіпсіздік саласындағы жұмысты күшейтудің өзектілігін көрсетеді.

Полиция көңіл көтеретін нысандарының иелері мен әкімшілерін заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және келушілер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға шақырады.