Бұдан былай ер азаматтар әскерден босатылғаны туралы анықтама құжатты кадр бөліміне беруге міндеттелмейді, деп хабарлайды 24 KZ.
Телеарна мәліметінше, енді HR мұндай ақпаратты Қорғаныс министрлігінің цирфлық жүйесінен ала алады. Яғни елдегі 16 жастан 63 жасқа дейінгі ер азаматтар жайлы мәлімет бірыңғай жүйеге енгізілген. Бұл тізбеде азаматтардың қай өңірде тұрып жатқаны, қандай мамандық игергені туралы мағлұмат толық көрсетілген.
Қорғаныс министрлігі Цифрландыру және ІТ қызметкерлері күні қарсаңында цифрлық жобаларын таныстырды. Соның бірі "Smart әскери комиссариат" жүйесі. Ол әскерге шақыру туралы СМС хабарлама жіберіп, автоматты түрде тіркеу қызметін атқарады. Ал ARMIA.KZ сайтында әскери қызмет жайлы толыққанды кеңес алуға болады.
"40 күндік әскерді де цифрландырдық. Егер бұрында бұл процесс жабық түрде өтетін болса, мен барғым келеді деп өтініш жазғаннан кейін ала ма, алмай ма? Қай жерде кезекте тұрмын? Білмейтінмін. Қазір балабақшаға кезек сияқты 40 күндік әскерге қай жерде болатынын біліп отырады", — дейді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.
Айта кетерлігі, бүгінде Қазақстанда миллионнан астам азамат әскерден босатылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз