Димаш Құдайбергеннің анасы — Светлана Айтбаева 2025 жылғы 9 қарашада әншінің Барселонада өткен концерттінде түсірілген ерекше бейнелермен бөлісті. Онда халықтың Димаш үндеген "бейбітшілік" ұранын бір ауыздан қолдағанын көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаштың "Бір аспан астының тағдыры" шығармасы орындалған кезде аренаға жиналған сан мыңдаған адам бейбітшіліктің белгісі – ақ жалаудың символындай аппақ қолғап киіп, бейбітшілікті қолдайтынын білдіріп орындарынан тұрып кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Svetlana Aitbayeva (@sveta_aitbaeva73)

"Әлемге тек қана тыныштық керек! Бейбітшілік қажет! Адамзат соғысқа қарсы!...Өте әсерлі, жүректі толқытатын көрініс!",- делінген жазбада.

Бейне желіде кеңінен тарап, көптеген пікірлер жинады:

  • Жан бала! Әлемде бейбіт өмір орнасын!
  • Димаштың даусы – бейбітшіліктің үні!
  • Қазақ деген ұлтымызды әлемге паш еткен Димаш дені сау, бақытты болсын!
  • Қазақ елі осы бейбіт өмірді аңсаған, армандаған ел!
  • Димаш – ел тарихындағы қайталанбас тұлға! Құбылыс! Әлем әншісі ғана емес, әлемнің елшісі!!!

Бұған дейін Астанада 2026 жылы Қайрат Нұртастың концерті өтетінін жазғанбыз.