Маврикий құқық қорғау органдары ел тарихындағы ең ірі есірткі партиясын — 400 келі кокаинді тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az мәліметінше, құны 100 миллион АҚШ долларынан асатын есірткі Грекия туы астында жүрген Alpha Bravery кемесінен табылған. Кокаин құтқару кеудешелерінің ішіне тігіп жасырылған екен.

Алғашқы деректер бойынша, Маврикий билігі Бразилиядан Сингапурға бағыт алған кеменің капитанынaн заңсыз жүк жөнінде ақпарат алған.

Қазіргі уақытта есірткінің соңғы межелі жерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, Мексикада "Өлілер күні" мерекесінде есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізген қала мэрі қастандықпен өлтірілген болатын.