"Қазавиақұтқару" РМК экипажы 2025 жылғы 11 қараша күні таңсәріде ШҚО Шемонаиха қаласынан санитарлық рейс орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құтқарушылар мәліметіне сүйенсек, олар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге денсаулық жағдайы шұғыл медициналық көмекті қажет еткен жаңа туған сәбиді Өскемен қаласына жеткізді
Әуе кемесінің командирі Сергей Пинигин мен екінші ұшқыш Олег Алфеев тапсырманы сәтті орындап, сәби облыс орталығына аман-есен жеткізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтары пациенттерді жерүсті көлігімен жеткізу көп уақытты қажет ететін шалғай ауылдар мен елді мекен тұрғындарына жедел көмек көрсетуге әрдайым дайын.
Бұған дейін Алматыда өртенген балалар үйіне қатысты тың мәлімет жарияланғанын жазғанбыз.