Шорт-тректен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Богдан Вехов Астанадағы Әлем кубогы кезеңінде екі мәрте алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы жарыс күні отандасымыз 1000 метр қашықтықтың А финалында жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын ол 1500 метрлік қашықтықта қарсылас шақ келтірмеген еді.
Сонымен қатар 9 қарашада, Қазақстан ерлер құрамасы эстафетада қола медаль еншіледі.