Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында суға жүзуден алғашқы жарыс күні аяқталды. Жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының өкілдері бірқатар финалдық кезеңдерге жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әділбек Мусин, Максим Сказобцов және Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден финалға шықты, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Айбат Мырзамұратов 100 метрге брасс әдісімен жүзуден алтын медаль үшін сынға түседі.
Ал 50 метрге еркін стильмен жүзуден шешуші кезеңде ел намысын Софья Сподаренко мен Глеб Коваленя қорғайды.
Бұған дейін Елена Рыбакина сенсация жасап, WTA Қорытынды турнирінде жеңіске жеткенін жазғанбыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны "Барыс" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.