Қазақстан құрамасы дзюдодан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

66 келіге дейінгі салмақта Ержан Еренқайыпов екінші орынға ие болды.

Финалда отандасымыз Өзбекстан спортшысы Замохшари Бекмуродовқа жол берді.

Айта кетейік, қазір біздің дзюдошылардың қоржынында екі күміс медаль бар. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов екінші орын алған еді.