Бүгін 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен кірпіштен жасалған сыртқы қаптама мен кондиционер қондырғысы құла, салдарынан бес адам зардап шекті. Оқиға орнына құтқарушылар шықты, деп ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқыс оқиға елорданың Алматы ауданында, Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайында болған.
Құтқарушылар келгеннен кейін ғимараттың бірінші қабатында орналасқан дүкеннің кіреберісінде 150 шаршы метр аумақта кондиционер мен қаптаманың құлағаны анықталды.
"Құтқарушылар зардап шеккендерді шығарып, қасбеттің одан әрі құлау қаупін жойды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оқиға орнында бөлшектеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді", — делінген ТЖМ хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз