Құтқарушылар мен кинологтар апат аймағында арнайы іздестіру-құтқару жабдықтары мен тепловизорды пайдалана отырып, ер адамның жатқан орнын анықтаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ведомство мәліметінше, мәйіт бүгін таңғы сағат 4:31-де қирандылардың астынан табылған.
"Таңертең жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар мәйітті үйінді арасынан шығарып алды", – делінген Павлодар облысы ТЖД хабарламасында.
Алдын ала ақпарат бойынша, үйіндінің астында 1967 жылы туған ер адам қалуы мүмкін.