Лауреттарға диплом , арнайы төсбелгі мен ақшалай сыйақы беріледі.

Дастан Сәтпаев "Дарын" жастар сыйлығының иегері атанды. Марапаттау рәсімі 25-қараша күні өтеді.

Сондай-ақ "Спорт" номинациясы бойынша әйелдер арасында бокстан екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева да "Дарын" жастар сыйлығының иегері атанды.

Дастан Сәтпаев 2008 жылғы 12 тамызда дүниеге келген. Футболдағы кәсіби жолын 2024 жылы "Қайрат-Жастар" клубында бастады. 2025 жылғы ақпанда "Қайрат" футбол клубы Дастанды Англия Премьер-лигасының "Челси" клубымен 4 миллион еуро мөлшерінде трансфер бойынша келісімге келгенін ресми түрде хабарлады. Жас спортшы 2026 жылғы тамыз айында, яғни 18 жасқа толғаннан кейін аталмыш клуб сапына қосылады.

Айта кетейік, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы – Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтарына жыл сайын берілетін беделді марапат. Лауреаттарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы, тиісті диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталады. Байқау "Әдебиет", "Ғылым", "Спорт" және басқа да он номинация бойынша өткізіледі.