Жолды ертең, 9 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
8 қарашада сағат 14:00-де ауа райының нашарлауына (боран, көктайғақ, көріну шектеулігі) байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақмола облысы:
"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек." автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы:
"Астана – Ерейментау – Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.