Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Құтқарушылар мен кинологтар апат аймағында арнайы іздестіру-құтқару жабдықтары мен тепловизорды пайдалана отырып, ер адамның жатқан орнын анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, мәйіт бүгін таңғы сағат 4:31-де қирандылардың астынан табылған.

"Таңертең жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар мәйітті үйінді арасынан шығарып алды", – делінген Павлодар облысы ТЖД хабарламасында.

Алдын ала ақпарат бойынша, үйіндінің астында 1967 жылы туған ер адам қалуы мүмкін.