Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Төрт өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды

“ҚазАвтоЖол” еліміздің төрт өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылғанын хабарлады. Шектеу Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Абай облыстарына енгізілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

“ҚазАвтоЖол” ақпаратына сәйкес, 7 қарашада сағат 20:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты төмендегі өңірлерде көлік қозғалысына шектеу қойылады:

Қарағанды облысы:

  • “Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті” автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы — Павлодар облысының шекарасы);
  • “Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара” автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Ботақара ауылы).

Ақмола облысы:

  • “Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы” автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы).

Компания өкілдерінің хабарлауынша, жолды 8 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз