Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында болған жаға ұстатар оқиға туралы ақпарат тарауда. 53 жастағы ер адамға өз келінін зорлады деген күдік келтірілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, күдікті ұзақ уақыт бойы ішімдікке салынып, алкогольді асыра пайдаланған.
"Жақында ол Тоқмансай ауылынан Алға ауданына өгей ұлы мен келінінің қолына көшіп келген. Осы үйде, тергеу мәліметтері бойынша, қылмыс болған. Зардап шеккен жас келіншек небәрі 22 жаста", делінген хабарламада.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі біздің тілші жолдаған сауалға жауап бере отырып, Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жеткізді.
"Қылмыстық істі объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ, қылмыстық істі тергеу аясындағы өзге де ақпараттар жария етуге жатпайтыны нақтыланады.
2025 жылғы 21 қазанда Түркістан облысы, Келес ауданындағы ауылдардың бірінде 15 жасар қыздың 71 жастағы көршісінен туып алғаны хабарланған. БАҚ-тың хабарлауынша, зейнеткер өзінің құрбанына туысқаны болып келеді. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева аталған оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.