Қазақстандық "Қайрат" командасы 6 қарашаға қараған түні Италияның "Интер" клубына қарсы Чемпиондар лигасының сырттағы кездесуін өткізді. Zakon.kz мәліметінше, алматылықтарды қолдау білдіру үшін жүздеген жанкүйер Миланға ұшып барған.
Ойын алдында Қазақстаннан барған жанкүйерлерге Италиядағы жоғары оқу орындарында оқып жүрген отандастарымыз да қосылды.
Барлығы бірігіп, қайраттықтарға қолдау көрсету мақсатында Милан көшелерімен бейбіт шеру жасап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от KAIRAT MAHABBATYM (@kairat.mahabbatym)
Қонақ команда жанкүйерлеріне арнайы бөлінген сектор бұл күні лық толы болды. Қазақстан чемпионының фанаттары, әдеттегідей, сүйікті ұрандарын айтып, клуб гимнін орындап, өз командасын қызу қолдады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от KAIRAT MAHABBATYM (@kairat.mahabbatym)
Желідегі ақпаратқа сүйенсек, бейбіт күйдегі жағдай "Интер" екінші голды соққан сәттен бастап жағдай күрделене түскен. Куәгерлердің айтуынша, осыдан кейін итальяндық жанкүйерлер түрлі арандатушылық әрекеттерге барған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от KAIRAT MAHABBATYM (@kairat.mahabbatym)
Бұған қазақстандықтар жанкүйерлер төзбей, өзара сөзге келіп, кейін төбелес те орын алған. Алматылық жанкүйерлер жергілікті халықтан қаймықпай, өздерін қорғап қалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от KAIRAT MAHABBATYM (@kairat.mahabbatym)
"Қайрат" құрамасының 1:2 есебімен жеңілгеніне қарамастан, мамандар мен жанкүйерлер дән риза.
Бұған дейін жазғанымыздай, "Мидтьюлланд" құрамасы керемет нәтиже көрсетіп, Еуропа лигасында жеке көш бастады.