Дәлелденген газ қоры – 3,2 млрд текше метр.

"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Жамбыл облысында тағы бір әлеуетті газ кенішін барлау жұмыстарына дайындақ басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Жамбыл облысының Малдыбай учаскесінде газ шөгіндісі бар екенін дәлелденді. Қазір сейсмикалық барлау жұмыстарына дайындық жүріп жатыр, – деді Әлібек Жамауов "Самұрық-Қазына" қоры қоғамдық кеңесінің отырысында.

Сондай-ақ, ол аталған облыстағы Анабай учаскесіне де тоқталды.

– Жамбыл облысының Анабай кен орнында жұмыс жалғасып жатыр. Газ сапасын бағалауға арналған 1 ұңғыма, пайдалануға арналған 3 ұңғыма бұрғыланды. Дәлелденген газ қоры – 3,2 млрд текше метр, – деді ұлттық компания басшысы.