Гүлжан Жарасова Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Гүлжан Жарасова 1973 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
1996-2015 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы, зерттеушісі, бөлім бастығы, департамент директоры, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеген.
2015-2016 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті директорының орынбасары.
2016-2019 жылдары – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры, ректордың м.а.
2020 жылы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директорының орынбасары.
2020-2021 жылдары – Павлодар педагогикалық университетінің Педагогикалық зерттеулер орталығының директоры.
2021-2022 жылдары – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.
2005-2007 жылдары – "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КЕАҚ проректоры-басқарма мүшесі.
2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҒЖБ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз