Бүгін Жер шарының тұрғындары ерекше астрономиялық құбылыс – Айдың симетриялық доңғалануын тамашалай алады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астрономдардың мәліметінше, бұл құбылыс 6 қараша сағат 03:10-да басталып, 7 қараша сағат 08:10-ға дейін жалғасады. Айдың Жерге ең жақын нүктеге келуі 6 қарашадан 7 қарашаға қараған түні сағат 02:30-да болады.
Ерекше пішіндегі Ай – бұл Ай толық толған кезде оның перигей деп аталатын нүктеде, яғни Жерге ең жақын қашықтықта (360 000 км-ден аз) орналасуы. Мұндай сәттерде Айдың беті әдеттегіге қарағанда 7–14 пайызға үлкен, әрі 15–30 пайызға жарығырақ көрінеді.
Астрономдардың айтуынша, қарашада Ай мен Жердің арақашықтығы – 356 832 км, ал желтоқсанда – 356 961 км болады.
Ғалымдар толған Айдың адам денсаулығына немесе табиғи процестерге айтарлықтай әсері жоқ екенін атап өтті. Тек мұхиттар мен теңіздерде су деңгейі шамамен 3-5 сантиметрге көтерілуі мүмкін.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз