Жамбыл облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы – Ташкент автожолының 219-шақырымында патрульдік полиция жасағы бағдар бойынша іздеуде жүрген көлікке ұқсайтын Audi автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында көліктің артқы орындығында отырған 44 жастағы ер адамның көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет, соның ішінде аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша іздеуде жүргені анықталды.

Күдікті заң талаптарына сәйкес ұсталып, Кордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Кейіннен ол Қырғыз Республикасы милициясының өкілдеріне ресми тәртіппен тапсырылды.

Осылайша, тәртіп сақшыларының қырағылығы мен жедел іс-қимылының нәтижесінде ауыр қылмысқа қатысы бар тұлға ұсталды.