2025 жылғы 7 қараша, жұма күні Қазақстан аумағында қайтадан жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы РМК "Қазгидромет" мамандарының болжамына сілтеме жасап Zakon.kz хабарлайды.
Болжамға сәйкес, антициклонның сілемі әсер ететін батыс және оңтүстік өңірлерде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
"Атлант циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі", — деп хабарлады РМК «Қазгидромет» баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ел аумағында желдің күшеюі, боран, тұман және көктайғақ күтілетіні айтылды.