АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио келесі жылы Қазақстанға және Орталық Азияның басқа да елдеріне баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға 2026 жылы келу ниеті барын мәлімдеді. Бұл туралы ол Вашингтонда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерісен кездесуінде айтты. Оның қабылдауда Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев та болды.

"Мен өзім де келесі жылы сол жаққа, (Орталық Азия елдеріне – ред.) барлық бес елге баруды жоспарлап отырмын. Демек, бұл бір апта немесе одан да ұзаққа созылатын сапар болуы мүмкін. Бұл жұмысты бірлесіп атқаруымыз керек", — деді Рубио.

Сондай-ақ Рубио АҚШ пен Орталық Азия елдерінің экономикалық даму, нарыққа шығу және табиғи ресурстарды өндіру мәселелерінде мүдделері сәйкес келетінін атап өтті. Ол АҚШ ынтымақтастықты кеңейтуге үмітті екенін жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Secretary Marco Rubio (@secrubio)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз