Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Сенат депутаты “тоқал институтын” заңдастыру ұсынысына пікір білдірді

Сенат депутаты Жанна Асанова Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның “тоқал институтын” заңдастыру жөніндегі бастамасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 қараша 2025 жылы Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Асанова бұл мәселеде басты назар заңға аударылуы тиіс екенін атап өтті:

“Барлығын заң аясында айту керек. Біздің Конституцияда неке институты бекітілген, онда бәрі анық жазылған”, – деді ол.

Сенатордың айтуынша, бұл тақырыптағы өзге пікірлер тек жеке көзқарас болып табылады.

“Мен некедегі зайырлы қарым-қатынастарды қолдаймын”, – деп қосты Асанова.

Айта кетейік, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа түзету – “Неке қиюға мәжбүрлеу” бабы күшіне енген болатын.