Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында ішкі саясатқа қатысты тұжырымдамалық құжат әзірлеу қажеттігі туралы идея айтылды. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап, сол кезден бері осы құжатты дайындау бағытында бірнеше кездесу өтті.

Аталған кездесулерге сарапшылар, қоғам белсенділері және ішкі саясат саласының мамандары қатысып, пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Сол кездесулердің біріне өзім де қатысып, ұсыныстарымды білдірдім.

Бұл құжат – сала маман­дарының сүзгісінен өтіп, кеңінен талқыланған, жан-жақ­ты сараланып әзірленген құ­жат деп айтуға болады. Әсі­ресе қоғам­дық өмірдің бар­лық саласын қамтитын, дамуға бағыттайтын мазмұны жинақы да нақты дүние шық­қанына шүбәм жоқ.

Қарап отырсақ, мұнда ішкі сая­саттың негізгі мақсаты, қағи­­даттары, нышандары мен құндылықтары айқын көрсетіл­ген. Сонымен қатар ішкі саясат­тың басым бағыттары да нақты белгіленіп тұр.

Сондықтан, ең алдымен, мемлекеттік қызметшілерге, әсіресе ішкі саясатқа жа­уапты мамандарға таптырмас әрі пайдалы құралға айналмақшы. Оны орталық және жергілікті деңгейде нұсқаулық ретінде қолдануға әбден болады.

Өзім де кезінде мемлекет­тік қызметте, ішкі саясат саласында жұмыс істегенмін. Сол уақытта дәл осындай маз­­мұндағы құ­жаттың жетіс­пейтінін сезі­не­тінбіз. Енді, міне, ондай олқы­лықтың орны толып отыр.

Меніңше, бұл – ішкі саясат мәселелерін жүйе­леу­ге, құндылықтар мен қағи­дат­тар негізінде жұмысты жаңа са­палы деңгейге көтеруге және салаға тың серпін әкелуге мүмкіндік беретін, уақытылы әзірленген өте маңызды әрі сапалы құжат.

Нұрбек МАТЖАНИ,

Саяси сарапшы