Республикалық маңызы бар «Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтак – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Хоргос – ҚХР шекарасы» автожолының 159–238 шақырымында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 5 қараша күні ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуіне ауа райының нашарлауы себеп болған. Қозғалысқа балама бағыт ретінде ескі Қордай асуы қарастырылған.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын сақтауға және жағдай тұрақтанғанша, шектеулер алынғанға дейін осы бағытта сапардан бас тартуға кеңес береді.