Нью-Йорк қаласының мэрін сайлауда алғаш рет мұсылман жеңіске жетті. 34 жастағы Зохран Мамдани 2026 жылғы қаңтарда ант беріп, қызметіне кіреседі.
DW басылымының жазуынша, Зохран Мамдани сайлауда республикашыл Кертис Слива мен Нью-Йорк штатының бұрынғы губернаторы Эндрю Куомодан артық дауыс жинап, сенімді түрде жеңіске жеткен.
Осылайша, Нью-Йорк қаласын тарихта алғаш рет мұсылман өкілі басқарады.
Мамдани 1991 жылғы 18 қазанда Угандада дүниеге келген. 2018 жылы АҚШ азаматтығын алған.
Бұдан кейін Мамданидің саяси мансабы қарыштап дамыды. Ол 2020 жылы Нью-Йорк штаты ассамблеясының депутатs болып сайланды.
2024 жылғы қазанда Мамдани Нью-Йорк қаласы мэрінің сайлауына түсуге ниеті барын мәлімдеді. Алайда көпішілік оның Демократиялық партиядан кандидат болуы мүмкін екеніне күмәнмен қараған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз