Су спорты федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин үкімет отырысында мектеп бағдарламасына жүзу сабағы енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Дмитрий Баландиннің сөзінше, Федерация UNICEF бастамасын қолдайды және "Әр балаға жүзу сабағы қол жетімді болу керек" деген қағиданы ұстанады.
"Федерация жүзуді бұқаралық спортты дамыту, халықтың денсаулығын жақсарту және судағы апаттардың алдын алу мақсаттарын біріктіретін стратегиялық маңызды сала ретінде қарастырады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2024 жылы әлемде 236 мыңнан астам адам суға батып кетті, оның 82 мыңы 1 мен 14 жас аралығындағы балалар. Бұл көрсеткіштер халықты жүзу дағдылары мен судағы қауіпсіздікке үйретудің маңыздылығын көрсетеді", — деді ол.
Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жүзу сабақтары дене шынықтыру жүйесіне енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп датыр. Жүзу сабағы дене шынықтыру пәнінің бағдарламасына қосылады.
"Жобаны 2026 жылы Алматы және Астана қалаларында пилоттық режимде ретінде іске қосу жоспарлануда, кейіннен республика бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылады", — деп қорытындылады сөзін Дмитрий Баландин.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз