Астана, Алматы мен Шымкенте 4 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматыда қар аралас жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін көтеріліп, түнде -4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,8 м/с деңгейінде болмақ.

Астанада синоптиктер болжамынша, қар жауады. Күндіз ауа температурасы -4 градусқа дейін жетіп, түнде -11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,9 м/с деңгейінде болады.

Шымкентте бүгін қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз термометр бағаны 8 градусқа дейін жетіп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 8,2 м/с деңгейінде болмақ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз